«Байқоңыр» ғарыш айлағынан «KA-СAT» еуропалық спутникпен бірге «Протон-М» зымырантасымалдағышын ұшыру бір аптаға шегерілді
БАЙҚОҢЫР. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат /Сара Қабиқызы/ - Бүгін, 20 желтоқсан күні ұшады деп жоспарланған «KA-СAT» еуропалық спутнигі бар «Протон-М» зымырантасымалдағышын ұшыру шегерілді, деп хабарланған Ресейғарыш сайтында.
«KA-СAT» еуропалық спутникпен бірге «Протон-М» зымырантасымалдағышын ұшыру уақытын белгілу шешімін Мемлекеттік комиссия айтады, деп хабарлады Ресейғарыш жетекшісінің орынбасары Виталий Давыдов. «Әзірге биылғы жылғы ұшыру кейінге қалдырылған жоқ», - деді ол.
Сарапшылардың пікірінше, «Протон» зымырантасымалдағышының көмегімен ұшырылған үш «Глонасс-М» спутнигі жоғалып кеткен соң «Байқоңыр» ғарыш айлағында осы жолғы ұшыруға дайындық уақытша тоқтатылғандықтан , осы ұшыру уақыты шегеріліп отыр.
Бірақ жер серіктерінің жоғалып кетуі жөніндегі ведомствоаралық комиссия жетекшісі Геннадий Райкуновтың ойынша, еуропалық серігі бар «Протон-М» зымырантасымалдағышын ұшыруды кейінге қалдыру үшін маңызды себептер жоқ, өйткені биылғы жылдың 5 желтоқсаны күні болған штаттан тыс оқиғаға «Протон-М» себеп болып табылмайды.
М. В. Хруничев атындағы мемлекеттік ғылыми-өндірістік ғарыш орталығы әрі «Протон» зымырантасымалдағышын жасап шығарушы орталықтың ақпараты бойынша «KA-СAT» еуропалық спутнигі бар «Протон-М» зымырантасымалдағышының ұшырылуы 2010 жылғы жетоқсан айының соңына жоспарлануы мүмкін.