«Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Прогресс» жүк кемесі ұшырылды

АСТАНА. Мамырдың 8-і. ҚазАқпарат – «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарыштық жүк кемесі ұшырылды,

«Байқоңыр»  ғарыш  айлағынан  «Прогресс»    жүк кемесі  ұшырылды
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. Бүгін, мамырдың 8-і күні астаналық уақыт бойынша сағат 00.36-да «Байқоңыр» ғарыш айлағынан №113 «Союз-У» зымырантасымалдағышымен «Прогресс М ? 02М» жүк кемесі ұшырылды. Зымыранның ұшуы штаттық бағдарлама бойынша өтті. Зымыранды ұшырумен байланысты орын алуы ықтимал салдарды жою үшін, мамырдың 7-сі күнгі сағат 22.36-дан мамырдың 8-і күнгі сағат 01.36-ға дейінгі аралықта Қызылорда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының төтенше жағдайлар департаменттерінің күштері жедел әзірлік режімінде жұмыс істеді.