«Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Протон-М» зымырантасымалдағышымен «Арабсат-5Б» ғарыш аппараты ұшырылды

АСТАНА. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат - Жұма, маусымның 4-і күні сағат 04.00-те «Байқоңыр» ғарыш айлағынан Протон-М» зымырантасымалдағышымен «Арабсат-5Б» ғарыш аппараты ұшырылды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
None
None

Зымыранның ұшу сапары штаттық режимде өтті. «Ұшырумен байланысты орын алуы ықтимал салдарларды жою үшін сағат 02.00 мен 05.00-тің аралығында Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстарының төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттерінің апаттық-құтқару күштері мен техникалары жоғары дайындық режимінде жұмыс істеді»,- делінген хабарламада.

«Арабсат-5Б» телекоммуникациялық ғарыш аппараты - саудиялық ұлттық операторға тиесілі. Оны еуропалық «Астриум» (Astrium) және «Аления Спейс» (Alenia Space) концерндері «Евростар-3000 (Eurostar-3000) платформасының базасында жасаған.

Соңғы жаңалықтар