17:55, 03 Маусым 2013 | GMT +5
Байқоңыр ғарыш айлағынан «СЭС-6» ғарыш аппаратымен «Протон-М» зымыран-тасымалдағышы ұшырылды
АСТАНА. 3 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Мәскеу уақытымен сағат 13.18-де Байқоңыр ғарыш айлағы 200-інші алаңының ұшыру кешенінен «Бриз-М» үдету блогы (ҮБ) және «СЭС-6» телекоммуникациялық ғарыш аппараты (ҒА) бар «Протон-М» (ҒАЗ) ғарышқа арналған зымыраны ұшырылды.

Бұл туралы «Роскосмостың» баспасөз қызметі хабарлайды.
«Ұшу циклограммасына сәйкес Мәскеу уақытымен сағат 13.28-де «Бриз-М» үдету блогының (ҮБ) және «СЭС-6» (ҒА) құрамындағы бас блок зымыран-тасымалдағыштың үшінші сатысынан бөлінді», - деп айтылған хабарда.
Мақсатты орбитаға ғарыш аппаратын бұдан әрі шығару үдету блогының қозғалтқыш құрылғысы жұмысының есебінен жүзеге асырылады.