11:39, 21 Қазан 2012 | GMT +5
Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз-ФГ» зымыраны ұшырылады
АСТАНА. 21 қазан. ҚазАқпарат - Байқоңыр ғарыш айлағында «Союз ТМА-06М» ғарыш кемесі бар «Союз-ФГ» зымыранының ұшырылуына дайындық жалғасып жатыр.
23-ші қазанда Халықаралық ғарыш стансасына 33/34-ші экспедицияның экипажы аттанады. Олар Ресейғарыштың космонавты Олег Новицкий, Евгений Тарелкин мен НАСА австронавты Кевин Форд, деп хабарлайды BNews.kz аталмыш ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экипаж мүшелері күн сайын ғарыш айлағына барып, скафандрларын тексереді, «Союзда» жаттығу жасайды.
«Экипаж қазір толығымен дайын, тек белгіленген күнді күтіп жүр. Барлығымыз, орыс не ағылшын тілінде сөйлесеміз, әзілдейміз, психологиялық ахуал өте жақсы», деді «Союз ТМА-06М» кемесі экипажының камандирі Олег Новицкий.