Байқоңыр ғарыш айлағында 2015 жылғы бірінші ұшырылымға дайындық басталды

БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Роскосмос 2015 жылы Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылым бағдарламасын 30 қаңтарда бастайды. Бұл күні британдық «Инмарсат-5Ф2» байланыс серігімен «Инмарсат-5Ф2» зымыран-тасығышын ұшыру жоспарланған.
None
None

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, «Инмарсат-5Ф2» телекоммуникациялық ғарыш аппатарты Байқоңырға 2014 жылғы 18 желтоқсанда жеткізілген. 92А-50 алаңының монтаждау-сынау корпусында «Боинг» дайындаушы компаниясы ғарыш бағдарламалары бөлімшесінің мамандары бірден оны дайындауға және автономдық тексеруге кірісіп кетті.

Мұнымен бір уақытта Ресейдің зымыран-ғарыштық саласы кәсіпорындарының есебі ғарыш аппаратын шығару құралдары мен жер үсті ғарыш инфрақұрылымын дайындауға кірісті.

«Протон» зымыран-тасығышы мен «Бриз-М» жүрдек блогын «М.В. Хруничев атындағы мемлекеттік ғарыш ғылыми-өндірістік орталығы» әзірлеп, сериялық дайындауда. «Бриз-М» жүрдек блогымен жарақталған, жаңғыртылған «Протон-М» геоөтпелі орбитасына 6 тоннадан астам пайдалы жүктемені жеткізуге қабілетті.

«Инмарсат-5Ф2» - (I-5) бесінші ұрпақтың «Инмарсат» үш серігінің екіншісі, Солтүстік және Оңтүстік Америка және Атлантика аумағында байланыс қызметтерін көрсетуге арналған.

I-5 сериясы серіктерінің алғашқысы 2013 жылғы желтоқсанда «Протон-М» зымыран-тасығышы көмегімен ойдағыдай ұшырылды, деп атап Роскосмос баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар