Байқоңыр ғарыш айлағында «Прогресс М-09М» жүк кемесін ұшыруға дайындық жүріп жатыр
ҚОҢЫР. 27 қаңтар. ҚазАқпарат /Сара Қабиқызы/ - Байқоңыр ғарыш айлағында «Прогресс М-09М» жүк кемесі мен «Союз-У» ғарыштық мақсаттағы зымыранын ұшыруға дайындық жүріп жатыр.
Роскосмостың баспасөз қызметі хабарлағандай, 26 қаңтарда мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес, зымырантасығыш айлақтық құрастыру-сынақ корпусының №112 алаңқайынан шығарылып, алаңқайдың №1 ұшыру кешенінде орналастырылды («Гагарин ұшырылымы»).
Бүгін Ресейдің зымыран-ғарыш саласы кәсіпорындарының мамандары екінші ұшырылым күнінің бағдарламасы бойынша тексеріс жүмыстарын жүргізіп жатыр.
Ұшыруларды басқару орталығының баллистикалық қызметінің нақтыланған мәліметтеріне сәйкес, «Прогресс М-09М» автоматтандырылған жүк кемесінің ұшырылуы 2011 жылғы 28 қаңтарда Мәскеу уақыты бойынша 04 сағат 31 минут 39 секундта жүзеге асырылады.