Байқоңыр ғарыш айлағында «Прогресс М-14М» зымыранын ұшыру бойынша дайындық жұмыстары қайта жанданды

АСТАНА. 10 қаңтар. ҚазАқпарат - Байқоңыр ғарыш айлағында бүгін қысқы демалыстан кейін алғашқы жұмыс күні басталды.
None
None

Жақын уақыттарға белгіленген ұшыруларға дайындық қайта жанданды, деп хабарлайды Роскосмос және «Южный» ғарыш орталығының баспасөз қызметі.

 «Ғарыш айлағының монтаждық-сынау корпусында «Прогресс М-14М» ғарыш кемесін расконсервациялау жүргізілуде. Желтоқсан айында кемеге бірқатар автономды және кешенді сынақтар жүргізілді. Ғарыш кемесін тексерістен өткізгеннен кейін, жанармай құю стансасына жеткізіліп, онда «Прогресс» кемесіне отын компонеттері мен нығыздалған газ құйылады», - делінген хабарламада.

 Сондай-ақ айлақта аталмыш кемені орбитаға шығаратын «Союз-У» зымыран тасығышын ұшыруға даярлау жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта зымыран тасығыштың блоктары жіті тексеріліп жатыр. «Прогресс М-14М» жүк кемесі тиелген «Союз-У» зымыран тасығышын ұшыру 26 қаңтарға белгіленген.

 Кеме Халықаралық ғарыш стансасына жанармай, ауа, су, азық-түлік  және ғылыми құрал-жабдықтар, барлығы 2,5 тонна жүк жеткізуі тиіс. 

Соңғы жаңалықтар