«Байқоңыр» ғарыш айлағында үш ресейлік навигациялық ғарыш серігінің ұшырылуына дайындық жүргізіліп жатыр
БАЙҚОҢЫР. Тамыздың 25-і. ҚазАқпарат /Сара Қабиқызы/ - «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Глонасс-М» үш ресейлік навигациялық ғарыштық аппараттары бар «Протон-М» ғарыш зымыранының ұшырылуына дайындық жүріп жатыр.
Росғарыш баспасөз қызметі хабарлағандай, бүгін ғарыш айлағының 92А-50 алаңындағы монтажды-сынақ корпусында М.В.Хруничев атындағы ғарыш орталығы мен «Южный» ғарыш орталығының мамандары «Протонның» жалпы құрастырылуын тексерді.
«ДМ-2» жылдамдық блогы мен үш ресейлік навигациялық ғарыштық серігі бар «Протон-М» ғарыш кемесі 2010 жылғы қыркүйектің 2-сі күні Астана уақыты бойынша 06 сағат 53 минутта ұшырылады деп күтілуде.