Байқоңыр қаласында «Халық достығы - ел тірегі» атты V фестиваль өтті (ФОТО)

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Байқоңыр қаласында «Халық достығы - ел тірегі» атты балалар шығармашылығының V фестивалі өтті.

Байқоңыр қаласында  «Халық достығы - ел тірегі» атты V фестиваль өтті (ФОТО)

Облыстық ассамблеяның баспасөз қызметінің хабарлауынша, шараның негізгі мақсаты - Отанға деген сүйіспеншіліктің үлгісі - қазақстандық патриотизмді оқушылар бойында дамыту, қазақ жерінде мекендеген этностардың салт-дәстүрлерін, мәдениетін білуге, құрметтеуге, олардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу, оқушылар бойында өзге этнос өкілдеріне деген толеранттық қарым-қатынасты қалыптастыру.

Фестивальға қатысушылар «Ұлттық дастархан», «Халық достығы» бейнелеу, қол өнері көрмелерін тамашалады. Мерекелік шара көркемөнерпаздарының концертіне ұласты. Керемет ән-бимен қатар қазақ халқы мен өзге ұлттар мен диаспоралардың тарихын айшықтайтын қысқаша қойылымдар көрсетілді.

Қазақстан халқы облыстық ассамблея хатшылығының қолдауымен «Қоғамдық келісім» КММ, Байқоңыр қаласында орналасқан №274 орта мектебінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасы және Қармақшы аудандық білім бөлімінің №274 орта мектебі ұйымдастыруымен V «Халық достығы - ел тірегі» атты балалар шығармашылығының фестиваліне облыстық білім басқармасы, Қармақшы ауданы әкімдігі және «Нұр Отан» партиясының Байқоңыр қаласы филиалы, түрік, славян, неміс, корей, татар, өзбек, қырғыз, шешен, грек, еврей этностарының өкілдері қатысты.
null null