Байқоңыр қаласының тұрғындары қысқы Олимпиаданы қолдау шарасын өткізеді

БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Байқоңыр ғарыш қаласының тұрғындары мен қонақтары Сочидегі қысқы Олимпиаданы спорт мерекесі ретінде атап өтпек.

Байқоңыр қаласының тұрғындары қысқы Олимпиаданы қолдау шарасын өткізеді

Байқоңыр қаласы әкімшілігінің мәдениет, жастар саясаты, туризм және спорт басқармасы барлық тілек білдірушілерді «Сочи-2014. Олимпиадаға қолдау көрсетейік» атты спорттық мерекеге қатысуға шақырады. Ол 2014 жылғы 8, 9 ақпан, екі күнге созылады.

Спорттық акция Юрий Гагарин ескерткішінің жанында Олимпиада алауын алып жүру шарасымен басталады және олимпиада алауымен қала бойынша жүріп өтіп, шеру қалалық мәдениет және демалыс саябағында аяқталады.

Іс-шараны ұйымдастырушыларының пікірінше, Байқоңыр қаласының тұрғындары спортты жақсы көріп, қолдайды. Сочи Олимпиадасы құрметіне ұйымдастырылған спорттық ойын-сауық бағдарламасы көпшілікпен өтеді.