«Байқоңыр» кешені бойынша ҮАК отырысында қаланың жаңа басшысын таныстырады

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Өткен аптада кейінге қалдырылған «Байқоңыр» кешені бойынша үкіметаралық комиссия отырысы Байқоңыр қаласында 2017 жылғы 12-13 маусымда өтеді, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Тараптардың тең төрағасы - ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин мен РФ Үкіметі төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозин жүргізетін қазақстандық-ресейлік ҮАК 5-ші отырысының күн тәртібіне «Байқоңыр» ғарыш кешенінің жұмыс істеуі бойынша 10-ға жуық мәселе енгізілді.
null

Үкіметаралық комиссияда Байқоңыр қаласы әкімшілігінің жаңа басшысы Константин Бусыгин таныстырылады деп күтілуде. Оның тағайындалатыны жайлы бұдан бұрын кей БАҚ-тар хабардар еткен болатын.

Ғарыш айлағына көп жыл қызмет еткен,  РФ жергілікті атқарушы органы құрылған күннен бастап ресей әкімшілігінде жұмыс істейтін Байқоңыр қаласының қазіргі басшысы Анатолий Петренко әзірге ҮАК ресейлік бөлігі құрамында.

Соңғы жаңалықтар