Байқоңыр «Союз ТМА-04М» ғарыш кемесі мен оның экипаждарын ұшыруға дайындалуда

БАЙҚОҢЫР. 14 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін «Союз ТМА-04М» ғарыш кемесінің ұшырылуына бір тәулік қалғанда, «Ғарышкер» қонақ үйінде Халықаралық ғарыш стансысына ұзақ мерзімге ұшырылатын 31/32 негізгі және қосалқы экипаждарын бекіту бойынша Мемлекеттік комиссияның отырысы өтті.
None
None

Негізгі экипаждың құрамына Геннадий Падалка (Ресейғарыш) - «Союз ТМА-04М» (ҰКК) ұшырылатын транспорттық кемесінің командирі, 31-ші бортинженері және Халықаралық ғарыш стансасына 32-ші экспедицияның командирі, Сергей Ревин (Ресейғарыш) - «Союз ТМА-04М» және ХҒС 31/32 ұшырылатын транспорттық кемесінің бортинженері,  Джозеф Акаба (НАСА) - «Союз ТМА-04М» және ХҒС 31/32 ұшырылатын транспорттық кемесінің бортинженері мақұлданды.

Қосалқы экипаждың құрамына кеменің командирі Олег Новицкий (Ресейғарыш), бортинженерлер Евгений Тарелкин (Ресейғарыш) және Форд Кевин (НАСА) кірді.

Бүгін ұшырылатын транспорттық кемесі бар  «Союз ФГ» зымыран тасығыш ұшырылу аймағында дәстүрлі түрде «тазарту» өтті. Православ шіркеуінің аға попы «Союз ТМА-04М»  ғарыш кемесі мен оның экипаждарына ақ жол тілеп, батасын берді.

Жергілікті уақыт бойынша сағат түнгі 3-те «Ғарышкер» қонақ үйінен екі экипаж ғарыш айлағына аттанады.

Бортында экипаждары бар кезекті «Союз ТМА-04М» ұшырылатын транспорттық ғарыш кемесінің ұшырылуы ертеңге, 2012 жылдың 15 мамырына Астана уақыты бойынша 09.01-ге жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар