Байқоңыр туристерді қабылдауға дайын

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінде Байқоңырдың туристік инфрақұрылымы 300-ге жуық адамды қабылдауға қауқарлы. Сұраныстың өсуіне байланысты бұл көрсеткіш алдағы уақытта артады, деп хабарлады Жердегі ғарыш инфрақұрылымдар нысандарын пайдалану орталығы бас директорының міндетін атқарушы Рано Джураева.

Байқоңыр туристерді қабылдауға дайын

Жұма күні қайта қалпына келтіруден кейін «Крайний» аэродромының ұшу-қону жолағы ашылды. Осылайша, 2013 жылы уақытша тоқтатылған ғарыш айлағы мен Байқоңыр қаласы арасындағы әуе бағыты қалпына келтірілді. Қалпына келтіру жұмыстарынан кейін ұшу-қону жолағы 3100 метрге дейін ұзарды, енді «Крайний» барлық әуе кемелерін қабылдай алады, деп хабарлады «РИА Новости» агенттігі.

«Байқоңырға барғысы келетін туристерге қонақ үйден 300 орын бөле аламыз. Байқоңырға баруға деген сұранысты анықтағымыз келеді. Сонымен қатар, қазір екі қонақ үй салынып жатыр. Олар биыл қолданысқа беріліп, туристтік инфрақұрылымға енгізілуі мүмкін», - деді Джураева.
Оның сөзіне қарағанда, ағымдағы жылдан Байқоңырға туристтердің келуіне жағдай жасайтын ресейлік компаниялардың тізімі құрастырылды.
Еске сала кетейік, осыған дейін Байқоңыр және Восточный ғарыш айлақтарында 40-тан астам оператор туризмді дамытатынын хабарлады. Олардың 6-ы Ресей аймақтарының, 7-уі Қазақстанның және 1-уі Өзбекстанның туристік операторлары.