Байқоңырда ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына дауыс берушілердің 93,8 пайызы қатысқан
БАЙҚОҢЫР. 4 сәуір. ҚазАқпарат /Сара Кәбиқызы/ - ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында Байқоңыр қаласында сайлаушылар тізіміне қосылған халықтың 93,8 пайызы дауыс берді.
Санмен айтсақ, бұл ғарыш кешенінде тұратын 18567 қазақстандық.
Бұл туралы учаскелік сайлау комиссияларына Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру мен өткізуге көмектесу жөніндегі жедел топ жетекшісінің орынбасары Михаил Москалев мәлім етті.