Байқоңырда мемлекеттік комиссия Халықаралық ғарыш стансысына аттанатын негізгі және қосалқы экипаждың құрамын бекітті

БАЙҚОҢЫР. 15 желтоқсан. ҚазАқпарат /Сара Қабиқызы/ - Сейсенбі, 14 желтоқсан күні Астана уақыты бойынша сағат 19.00-да Байқоңырдағы «Космонавт» қонақүй кешенінде мемлекеттік комиссияның отырысы өтіп, онда Халықаралық ғарыш стансысына ұшатын кезекті экипаждың құрамы бекітілді және «Союз ТМА-20» ғарыш кемесін ұшыру туралы шешім қабылданды.

Байқоңырда мемлекеттік комиссия    Халықаралық  ғарыш  стансысына аттанатын   негізгі және қосалқы   экипаждың  құрамын    бекітті

«Ресейғарыш» агенттігінің басшысы Анатолий Перминов төрағалық ететін комиссия ғарышкерлердің ұшуға әзірліктері туралы баяндамаларын тыңдады және құрамына «Ресейғарыш» ғарышкері Дмитрий Кондратьев, НАСА астронавты Кэтрин Колман және ЕКА ғарышкері Паоло Несполи кірген негізгі экипажды бекітті. Ал олардың дублерлары болып Анатолий Иванишин, Сатоши Фурукава, Майкл Фоссуми бекітілді.

Мемлекеттік комиссияның отырысынан кейін экипаждар журналистермен дәстүрлі баспасөз мәслихатын өткізді.