Байқоңырда мемлекеттік комиссия ХҒС экипажының жаңа құрамын бекітеді

АСТАНА. Қазанның 6-сы. ҚазАқпарат - Бүгін Байқоңырда мемлекеттік комиссия жұма күні ғарышқа көтерілетін «Союз» ғарыш кемесінің жаңа құрамын бекіту туралы қорытынды шешімдерін жариялайтын болады, деп жазады Вести.Ру.

Байқоңырда мемлекеттік комиссия ХҒС экипажының жаңа құрамын бекітеді

"Егер тосыннан жоспарланбаған оқиғалар килікпесе, сандық жүйемен жарақтандырылған "Союза ТМА-М" ғарыш кемесінің бортында ресейлік ғарышкерлер Александр Калери мен Олег Скрипочка, сондай-ақ, НАСА астронавты Скотт Келли ұшатын болады", - деді ИТАР-ТАСС-қа комиссия мүшелерінің бірі. МКС-25/26 экипаж экспедициясы ғарышта бес айдан астам уақыт болмақшы..