Байқоңырда «Союз - У» зымыранын соңғы рет ұшыруға дайындауда

БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Байқоңыр ғарыш айлағында «Прогресс МС-05» ғарыштық жүк кемесін (ҒЖК) «Союз-У» зымыран тасығышымен ұшыруға дайындық жүріп жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

«Прогресс МС-05» ҒЖК-ын ғарышқа ұшыру 2017 жылдың 22 ақпанына жоспарланған. Бұл «Союз-У» ЗТ, яғни «Союз» ЗТ-ның ең көп модификацияланған құрылғысының - соңғы рет әуеге жол тартуы, деп атап өтті Роскосмос баспасөз қызметі.
 

Статистикалық деректерге сүйенсек, 43 жыл бойы «Союз» тасығыш-зымыраны 800 рет ұшырылып, оның 20-ы сәтсіз аяқталған. Бірақ, бес жылдың ішіндегі 3 апаттан, яғни 2016 жылдың 1 желтоқсанындағы соңғы сәтсіздіктен кейін «Союз-У» ТЗ-ын қолданыстан шығару туралы шешім қабылданды.

Халықаралық ғарыш стансасы бағдарламасы бойынша соңғы рет «Союз-У» ЗТ-ның «Прогресс МС-05» ҒЖК-ін орбитаға шығару Байқоңыр ғарыш айлағынан 2017 жылдың 22 ақпанына жоспарланған.

Бұл кеме ХҒС-ке 2,5 тоннаға жуық әртүрлі жүктерді жеткізуі тиіс. 
 

Соңғы жаңалықтар