Байқоңырда түске дейін сайлаушылардың тең жартысы дерлік өз таңдауын жасап үлгерді

ҚОҢЫР. 3 сәуір. ҚазАқпарат /Сара Қабиқызы/ - Байқоңыр қаласында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары ҚР Президентінің кезектен тыс сайлмауына белсенді атсалысуда.

Байқоңырда түске  дейін   сайлаушылардың    тең  жартысы  дерлік   өз таңдауын  жасап  үлгерді

Байқоңырда Қазақстан Президентінің сайлауын өткізуді ұйымдастыруда учаскелік сайлау комиссияларына қолдау көрсету жөніндегі жедел топтың ақпаратына сүйенсек, жергілікті уақыт сағат 12.00-дегі жағдай бойынша байқоңырлық қазақстандықтардың 44,5 пайызы дауыс беріп болған.

Жедел топ төрағасының орынбасары, Байқоңыр қаласының Өзін-өзі басқару қоғамдық кеңесінің төрағасы Михаил Москалевтің айтуынша, сайлау жоғары деңгейде ұйымдастырылып отыр. «Бұл жедел топтың, учаскелік және сайлау комиссияларының, сондай-ақ Қызылорда облысы Қармақшы аудандық әкімдігінің бірлескен жұмысының нәтижесі», - деді ол.