Байқоңырда Юрий Гагариннің 80 жылдығы аталып өтті

БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Бүгін Байқоңырда Юрий Алексеевич Гагариннің 80 жылдығына орай салтанатты шара өтті.

Байқоңырда Юрий Гагариннің 80 жылдығы аталып өтті

Қала тұрғындары мен қонақтары тұңғыш ғарышкердің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, Байқоңыр мұражайындағы арнайы ұйымдастырылған көрмені тамашалады.

Ғарышкердің атындағы №8 мектеп оқушылары қалалық саябақтағы Юрий Гагариннің ескерткішінің жанында салтанатты шеруге қатысты. Үздік оқушыларды «Жас гагариншілер» қоғамдық ұйымына қабылдады.

Ғарышкердің мерейтойы Байқоңырда наурыз-сәуір айларында тойланады. Қала мектептерінде түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылуда. Юрий Гагариннің 80 жылдығына орай сынып сағаттары өткізіліп, Ғарышкерлер күнінде «Гагарин оқуларын» өткізу жоспарланған.