Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Байқоңырдағы әлеуметтік-тұрмыстық сала мәселелері ҚР және РФ арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның отырысында шешілді

БАЙҚОҢЫР. Қыркүйектің 24-і. ҚазАқпарат - Байқоңырдағы әлеуметтік-тұрмыстық саланың мәселелері Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясы «Байқоңыр» кешені бойынша кіші комиссиясының XII отырысы барысында шешілді. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев пен Росғарыш басшысы Анатолий Перминов баспасөз мәслихатында хабарлады.

Байқоңырдағы әлеуметтік-тұрмыстық сала мәселелері ҚР және РФ арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның отырысында шешілді

Кіші комиссияның отырысында Байқоңыр қаласы тұрғындарының әлеуметтік-тұрмыстық мәселелеріне үлкен көңіл бөлінді.

Экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында тараптар «Байқоңыр» кешенінің аумағында қалдықтарды заңсыз орналастыру орындарын және ластанған жер учаскелерді түгендеу бойынша бірлескен жоспар әзірлеу қажеттілігі туралы уағдаласты.