«Байқоңырдан» аман-есен ұшқан «Прогресс М-04М» жүк кемесі Халықаралық ғарыш стансысымен екі тәуліктен кейін түйіседі

БАЙҚОҢЫР. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Сара Қабиқызы/ - Бүгін Мәскеу уақыты бойынша сағат 06.45-минутта «Байқоңыр» ғарыш айлағының №1 алаңынан «Прогресс М-04М» жүк кемесімен «Союз-У» зымырантасымалдағышы ұшырылды,

«Байқоңырдан» аман-есен ұшқан  «Прогресс М-04М» жүк кемесі    Халықаралық  ғарыш стансысымен  екі тәуліктен кейін түйіседі

деп хабарлайды «Ресейғарыш» агенттігінен.

Қазғарыштың жедел қызметтерінің ақпараты бойынша, ұшыру сапары штаттық режимде өтті, зымыранның ажырайтын бөлшектері Қазақстанның Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары мен Ресейдің Алтай өлкесінің белгіленген аудандарына құлады.

Жүк кемесі Халықаралық ғарыш стансысымен ақпанның 5-і күні Мәскеу уақыты бойынша сағат 07.26 минутта түйіседі. «Прогресс М-04М» стансыға 1 600 келіден астам түрлі жүк жеткізеді.