Байқоңырдан бортында хайуанаттары бар «Союз» зымыран-тасығышы ұшырылады

АСТАНА. 19 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін, 19 сәуір күні Байқоңырдан «Союз» зымыран-тасығышы ұшырылады.
None
None

Ол жер маңы орбитасына бірден алты серікті шығарады. Олардың арасында бүтін хайуанаттар бағы - елуге жуық тышқан, геккондар, ұлу және микроағзалар орналастырылған ресейлік «Бион» да бар. Бұл туралы Вести хабарлады.

Ғалымдардың айтуынша, олар ғарышта бір айға жуық уақыт болады. Кейін жануарлардың жағдайын ғалымдар зерттейді. Бұл Марсқа аттандырылатын экипаждың қорғанысын күшейтуге көмектесетін болады.

«Бион-М1» ғарыш қондырғысы - бұл нағыз Нұх кемесі. Орбиға аттанатын 45 тышқан, 15 геккон кесірткелері, моңғол ұлулары, балықтар, өсімдіктер мен тұқымдар күнделікті бейне камералармен бақыланатын болады. Салмақсыздық күйінің тірі ағзаларға әсерін зерттеу бойынша үлкен эксперимент әзірлену үстінде.

«Бионның» орбитадағы тіршілігі бір аймен шектеледі. Оны Орынбор облысының аумағында 18 мамыр күні қарсы алу жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар