Байқоңырдан ХҒС-қа ұшатын экипаж бекітілді

БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Байқоңыр ғарыш айлағында Халықаралық ғарыш стансасына ұшатын негізгі және қосалқы экипажды бекіту бойынша мемлекеттік комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Мемлекеттік комиссия отырысын «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясы бас директорының орынбасары Александр Иванов ашты.

null  

Ғарыш кәсіпорындары жетекшілері жасаған баяндамалар қорытындысы бойынша, негізгі экипажға кеме командирі Сергей Рыжиков («Роскосмос»), № 1 бортинженер Андрей Борисенко («Роскосмос»), № 2 бортинженер  Роберт Шейн Кимброу (НАСА) енді. Александр Мисуркин, Николай Тихонов және Марк Ванде Хай қосалқы құрамға бекітілді.

null  

Экипаж бекітілгеннен кейін журналистерге арналған ғарышкерлердің дәстүрлі баспасөз конференциясы өтеді. Жоспар бойынша, «Союз МС-02» көліктік басқарылатын кемесі ертең, 19 қазан күні Астана уақытымен 14 сағат 05 минут 14 секундта Байқоңыр ғарыш айлағының 31-алаңынан ұшырылады. 

null null null 

Соңғы жаңалықтар