«Байқоңырдан» «Протон-М» зымыран тасымалдағышымен № 43-інші блоктың «Глонасс-М» ғарыш аппараты ұшырылды
АСТАНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - Кеше, 5 желтоқсан күні Астана уақытымен 16 сағат 25 минутта «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Протон-М» зымыран тасымалдағышымен № 43-інші блоктың «Глонасс-М» ғарыш аппараты ұшырылды.
Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінен мәлім еткендей, зымыранның ұшырылуы штаттық кестеге сәйкес өтті. Ұшырумен болуы мүмкін салдарды жою үшін 5 желтоқсанда сағат 14.25-тен сол күнгі сағат 17.25-ке дейін ҚР ТЖМ-ның Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша департаменттерінің апатты-құтқару күштері мен құралдары жоғары дайындық режімінде болды.