Байқоңырдан «Протон-М» зымырантасығышы ұшырылды
АСТАНА. 30 қыркүйек. ҚазАқпарат - Байқоңыр ғарыш айлағы ұшу кешенінің 200-ші алаңынан 01:38-де «Бриз-М» жүрдек блок және Astra 2E телекоммуникациялық жер серігімен «Протон-М» зымырантасығышы ұшырылды.
Тасығыштан жүрдек блок 9 минуттан кейін ажырады.
Жер серігі орбитаға дүйсенбі күні сағат 10:50-де шығады деп жоспарланған, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.