«Байқоңырдан» ресейлік «Ямал-402» спутнигі ұшырылды

БАЙҚОҢЫР. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Астана уақытымен 19 сағат 30 минутта «Байқоңыр» ғарыш айлағының 200-ші алаңынан «Бриз-М» үдеткіш блогы мен «Ямал-402» ғарыш аппараты бар ғарыштық мақсаттағы «Протон-М» ракетасы ұшырылды.
None
None

Ресей ғарыш агенттігінен хабарлағандай, ұшырылу штаттық кестеге сай өтті. Басты блок зымыран-тасығыштың үшінші сатысынан ажырағаннан кейін «Бриз-М» үдеткіш блогы «Ямал-402» ресейлік коммуникациялық спутнигін нысаналы орбитаға шығаруды жалғастыруда.

Ғарыш аппараты нысаналы орбитаға ұшырылғаннан кейін тоғыз сағаттан соң шығады деп жоспарланған.

«Ямал-402» телекоммуникациялық спутнигі ресейлік отандық байланыс спутниктерінің тобын толықтырып, Ресей, Батыс және Орталық Еуропа, Таяу Шығыс және Солтүстік Африка аумақтарына трансляцияны қамтамасыз етуі тиіс.

Ғарыш аппараты «Газпром - ғарыш жүйелері» ААҚ-ның тапсырысы бойынша әзірленді. «Протон-М» ракета-тасымалдағышы мен «Бриз-М» үдеткіш блогын Хруничев атындағы Ресей мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығы жасап шығарды.

 

Соңғы жаңалықтар