Байқоңырдан «Союз МС-05» ғарыш кемесі ұшырылды

БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Астана уақыты бойынша 21 сағат 41 минутта  Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз -ФГ» көліктік басқару кемесі сәтті ұшырылды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None




Қазғарыш жедел қызметі мен  жердегі ғарыш қызметі мәліметтеріне қарағанда, ұшырылым штаттық режімде өткен.

2017 жылы 29 шілдеде астана уақытымен 04 сағат 01 минутта  корабльдің станциямен түйісуі жоспарланып отыр.

МКС-52/53 бортында ұзақ уақытқа бағытталған экспедиция мүшелері бар. Олар: Кеме командирі, Роскосмос ғарышкері, ресейлік ғарышкер Сергей Рязанский, NASA астронавты Рэндолф Брезник және  астронавт ESA Паоло Несполи.

Орбитада қазіргі уақытта ресейлік ғарышкер Фёдор Юрчихин,  америкалық астронавтары  Пегги Уитсон мен  Джек Фишер жұмыс істеуде.

Соңғы жаңалықтар