Байқоңырдан «Союз -МС» кемесін ұшыру уақыты кейінге шегерілді

None
None
БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - 2016 жылы 24 маусымда Халықаралық ғарыш стансасына ұшыру жоспарланған «Союз МС» кемесін ұшыру уақыты кейінге шегерілді, деп хабарлады Ресейғарыштың баспасөз қызметінен.

«Мемлекеттік комиссия мұндай шешімді ХҒС-ға «Союз-МС» кемесін ұшыру қауіпсіздігін арттыру үшін қабылдады. Бағдарламалық қамтуды қосымша сынақтардан өткізу керектігі айтылды», делінген баспасөз қызметінің ақпараттық хабарламасында.

Енді «Союз-ФГ» зымыран тасығышын «Союз-МС» көліктік басқару кемесімен Байқоңырдан 2016 жылдың 7 шілдесінде Мәскеу уақытымен сағат 04:36 ұшыру межеленді.

«Союз МС» жаңа модификациялық кемесінің негізгі экипажының құрамында: кеме командирі, Ресейғарыш ғарышкері Анатолий Иванишин, жапониялық астронавт Такуя Ониши және НАСА астронавты Кэтлин Рубинс бар. Олардың дублерлары - Олег Новицкий (Ресейғарыш), Тома Песке (ЕКА) және Пегги Уитсон(НАСА) бар.

Соңғы жаңалықтар
telegram