Байқоңырдан «Союз ТМ-17М» жаңа экипажбен ұшырылды

БАЙҚОҢЫР ҒАРЫШ АЙЛАҒЫ. ҚазАқпарат - Байқоңыр ғарыш айлағынан жоспарланғандай, мәскеу уақытымен 0 сағат 2 2 минут және 46 секундта «Союз ТМ-17М» ғарыш кемесі сәтті ұшырылды.

Байқоңырдан  «Союз ТМ-17М» жаңа экипажбен ұшырылды

Орбитаға ресейлік Олег Кононенко, америкалық Челл Лингдгрен және жапондық Кимия Юи ұшты, деп хабарлайды "Россия 24" телеарнасы.

Халықаралық ғарыш стансасында экипаж жарты жыл болады. Осы уақыт ішінде ғалымдар шамамен қазіргі ғылым үшін аса маңызды 40 сынақ өткізеді.