Байқоңырдан «Союз ТМА-16» басқарылатын ғарыш кемесі ұшырылды

БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Бүгін Астана уақыты бойынша сағат 01.42-де Байқоңырдағы Гагарин атындағы алаңнан «Союз-ФГ» зымыран тасығышы табысты ұшырылды, ол орбитаға көліктік басқарылатын «Союз ТМА-16М» кемесін алып шықты, ғарыш кемесінің бортында халықаралық экипаж бар.
None
None

Халықаралық ғарыш стансасына 43/44 экипажы аттанды, оның құрамында корабль командирі, ресейлік ғарышкер Геннадий Падалки, №1 борт инженері, "Ресейғарыш" ғарышкері Михаил Корниенко, №2 борт инженері, американдық астронавт Скотт Келли бар. Ғарыш кемесінің комнадирі Геннадий Падалки үшін бұл бесінші ғарыш экспедициясы, ол ғарышта болуы жағынан рекордтық болуы да мүмкін. Оның есебінде Жер орбитасында өткізген 710 тәулік бар. Ғарышкердің бұл бесінші ұшырылымының жоспарланған ұзақтығы - 168 тәулік, Г.Падалкидің жалпы ғарышта болу ұзақтығы 878 күнді құрайды.

Соңғы жаңалықтар