«Байқоңырдан» W3D еуропалық ғарыш аппараты ұшырылды

БАЙҚОҢЫР. 15 мамыр. ҚазАқпарат - «Байқоңыр» ғарыш айлағының №200-ші алаңынан Астана уақыты бойынша сағат 22:02-де «W3D» еуропалық байланыс спутнигі бар «Протон-М» зымыран-тасымалдағышы (ЗТ) ұшырылды.

«Байқоңырдан» W3D еуропалық ғарыш аппараты ұшырылды

Штаттық режимде өткен «Протон-М» ЗТ-ның ұшырылуы Ресей Ғарыш агенттігінің сайтында тікелей көрсетілді.

Ұшудың циклограммасына сәйкес, «W3D» ғарыш аппаратының «Бриз-М» үдеткіш блогынан ажырауы ұшырылымнан кейін 9 сағаттан соң жоспарланған.