08:03, 15 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Байқоңырдан «Ямал-401» ресейлік телекоммуникациялық спутнигі ұшырылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Байқоңыр ғарыш айлағында ресейлік «Газпром космические системы» спутниктік байланыс операторының «Ямал-401» ғарыш аппараты бар «Протон-М» зымыран-тасығышы ұшырылды.
![None None](/static/img/plug.webp)
«Зымыран-тасығыш жергілікті уақыт бойынша сағат 3:16-да ұшырылды. Құрамында «Бриз-М» жүрдек блогы мен байланыс спутнигі бар басты ғарыштық бөліктің бөлімін ұшыру сағат 3:25-те, «Ямал-401»-ді - 12:17-де жоспарланған», - деп хабарлайды агенттік Роскосмос өкіліне сілтеме жасап.
«Газпром - космические системы» ресейлік спутниктік байланысы орбиталық топтамасының жаңа спутнигі Еуропа мен Азия аумағында байланыс және телехабар сигналдарын ретрансляциялауға арналған. Спутникте в С- и Ku- жиілік диапазондарында жұмыс істейтін 53 транспондер мен алты антенна орнатылған.