«Байқоңырдан» «Зенит-3М» зымыраны ұшырылды
БАЙҚОҢЫР. 18 шілде. ҚазАқпарат /Сара Қабиқызы/ - Осыдан бірнеше минут бұрын, Астана уақыты бойынша 08.31-де «Байқоңырдың» 45-ші алаңынан «Зенит-3М» зымыраны ұшырылды.
Ол орбитаға ресейлік «Спектр-Р» астрофизикалық обсерваториясын алып ұшты.
«Роскосмос» агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай,
«Спектр-Р» аппараты есептік орбитаға сағат 12.00-нің шамасында шығарылмақ. Ғарыш аппараты «Роскосмостың» тапсырысы бойынша «Радиоастрон» жобасының аясында жасалған. «Радиоастрон» радиотелескопының антеннасы ғаламшараралық магниттік өрістерді, қара ойықтар мен нейтрондық жұлдыздарды зерттейтін болады.