Байқоңырға ViaSat-1 ғарыш аппараты жеткізілді

АСТАНА. 15 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін, 15 қыркүйек күні Байқоңырдағы «Юбилейный» әужайына ViaSat-1 («ВиаСат-1») ғарыш аппараты технологиялық жабдықтары тиелген жүк ұшағы келіп қонды, деп хабарлады Роскосмос баспасөз қызметі.
None
None

«Кедендік тексеру мен контейнерлерді түсіруден кейін, аталған жүк монтажды-сынақтау кешеніне жеткізіліп, сол жерде пайдалы құрастыру жұмыстары жасалатын болады», - делінген хабарламада.

Дайындау фирмасының мамандары, бүгін жеткізілген аппаратты қажетті тексерулерден өткізіп, түрлі жолдармен сынап көретін болады.

ViaSat-1 ғарыш аппараты орбитаға «Протон» жүк тасығыш зымыранының көмегімен жеткізіліп, Солтүстік Америкада Ka-диапазоны бойынша тұтынушыларға жылдам әрі кең ауқымда байланыспен қамтамасыз етуі қажет.

Соңғы жаңалықтар