Байқоңырлық оқушылар Елбасына өздері салған ғарыш суреттерді тарту етті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жердің бірінші жасанды серігінің ұшырылғанына 60 толуына орай байқоңырлық оқушылар 5,5 мыңнан астам сурет салды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

«Жас байқоңырлықтардың патриоттық акциясын барлық мектеп қолдады. «Жердің бірінші жасанды серігінің ұшырылуы - Байқоңыр балаларының көзімен!» мерейтойлық акциясы қатысушыларының шығармашылық жұмыстары бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жіберілді», - деп мәлімдеді Байқоңыр қалалық әкімшілігінің баспасөз қызметі.

Суреттердің бір бөлігі бұрын РФ президенті В. Путинге де жіберілген. Сондай-ақ ғарыштың кішкентай жанашырлары салған сурет РФ Мемлекеттік думасының депутаттары: Геннадий Зюганов, Максим Сураев, Денис Кравченко, Оксана Пушкина, Алексей Русских және Александр Максимовке де табыс етілді.

21 желтоқсанда суреттер РФ Қоғамдық палатасында көрмеге қойылды. Жуырда Байқоңыр елшілерінің қатарына қосылған РФ Білім, ғылым министрлігінің қызметкері Вера Тятенкованың бастамасымен ұйымдастырылған көрме бір айға жалғасады.

Соңғы жаңалықтар