00:36, 09 Қараша 2017 | GMT +5
Байқоңырлық оқушылар Қазақстан мен Ресей президенттеріне ғарыш жайлы суреттерін жолдады
БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Жердің алғашқы жасанды серігін ғарышқа ұшырудың 60 жылдығына орай Байқоңыр оқушылары шығармашылық бастама көтерді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«Жердің алғашқы жасанды серігін ұшыру - Байқоңыр балаларының көзімен!» акциясына Байқоңыр қаласындағы білім ошақтарының, Қызылорда облысы Қармақшы ауданы білім беру бөліміне қарасты мектептердің оқушылары қатысты.
Балалар өздері салған суреттерді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге жолдауға шешім қабылдады.