Байқоңырлықтар Қала және ғарыш күнін атап өтуде

БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Бүгін Байқоңырда ғарыш айлағы мен қала құрылуының 62 жылдығын атап өтуде, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Байқоңырлықтар Қала және ғарыш күнін атап өтуде

Мерекелік шара С.П. Королевтің ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды, содан кейін байқоңырлықтар мен қала қонақтары ғарышқа тұңғыш жол салушыларды еске алу үшін қаза тапқан зымыраншылардың мемориалына барды.
null

Салтанатты жиында Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы Анатолий Петренко «Байқоңыр қаласының құрметті азаматы» атағын тапсыру рәсімін өткізді. Биыл Байқоңырдың еңбек сіңірген адамдарының тізімі ғарыш айлағының екі офицерімен толықты. Полковник  Анатолий Белокон  мен генерал-майор  Владимир  Томчукке жоғары атақ төлсипаты табыс етілді.
nullnull

Кешке мерекелік бағдарлама қалалық алаңда «Байқоңыр  - менің қалам, менің отбасым!» атты отбасылық әулет және көп балалы отбасылар фестивалімен жалғасады.
null