«Байланыс әліппесі» салондарынан телефондарды екі есе арзанға алуға болады

АЛМАТЫ. 12 қазан. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - «КаР-Тел» ЖШС (Beeline СБ) «Телефон екі есе арзан» акциясының басталғанын хабарлайды.

«Байланыс әліппесі» салондарынан телефондарды екі есе арзанға алуға болады

«Байланыс әліппесі» салондарынан телефон сатып алған тұтынушы «Beeline» тарифтік жоспарын алады да 12 ай бойына телефон құнының 50 пайызы бірліктер түрінде қайтып келеді және оны сөйлесуге немесе интернет трафикке жұмсауына болады.

«Beeline-нан және серіктесіміз «Байланыс әліппесінен» бұл ұсынысымыз біздің абоненттерімізге тек сатып алу қаржысын ғана үнемдетіп қоймайды, сондай-ақ теңгерімін бонустық бірліктермен толтыруға мүмкіндік береді» - деп атап өтті «КаР-Тел» ЖШС маркетинг дирекциясының директоры Павел Родин.

«Біз өз тұтынушыларымызға екі бірдей тиімді ұсыныс жасағанымызға қуаныштымыз. Бұл тек сөйлесуге ғана үнемдеп қоймайды, сондай-ақ «Байланыс әліппесі» салонынан ұялы телефонды өзінің таңдауына және қаражатына сай таңдау жасауға мүмкіндік береді» - деді өз сөзінде «ҚазЕвроМобайл» ЖШС коммерциялық директоры Ксения Санина.

Ақшаны қайтару тек «Beeline» ТЖ ғана жүзеге асырылады. Егер тұтынушыға жаңа СИМ-карта қажет болмаса, ол өзінің тарифтік жоспарын «Beeline» тарифтік жоспарына ауыстыруға арыз жаза алады.

Тегін аударылған ақшалар тек 14 күн ішінде ғана пайдалануға жарамды, бұл уақыттан асып кетсе, ол күйіп кетеді.

Акция 2011 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғаспақ.