Байланыс операторлары «Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділікті дамытудың Жол картасын» мақұлдады

АСТАНА. 6 мамыр. ҚазАқпарат - Байланыс операторлары ҚР Байланыс және ақпарат Вице-министрі Сәкен Сәрсеновтың басшылығымен өткен Байланыс операторлары кеңесінің кезекті отырысында «Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділікті дамытудың Жол картасы» мақұлданды,
None
None

деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметінен.

Бұл Жол картасы Мемлекет басшысының 2015 жылға қарай еліміздің үй шаруашылықтарын 100 пайыз сапалы интернетпен қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындауға бағытталған. Сонымен бірге, бағдарлама Интернет желісін пайдаланушылардың тығыздығын 100 адамға есептегенде 45-ке (34,1 - 2011 жыл) дейін арттыруды және кеңжолақты Интернетке қосылу тарифін 2015 жылға қарай кем дегенде 30 пайызға төмендетуді көздейді.

Бұл көрсеткіштерге қол жеткізу үшін 3G, CDMA-450/800,4G технологияларын пайдалана отырып, Интернет желісіне сымсыз қосылуды және FTTH, FTTB технологиялары арқылы желіге тіркелген байланыс арқылы қосылуды дамыту керек.

Бағдарламада көрсетілгендей 3G желісі 10000 нан астам тұрғыны бар елді мекендердің барлығына 2014 жылға дейін тартылатын болады. Ал оған дейін еліміздің барлық аймағы CDMA технологиясының арқасында кең жолақты интернетпен қамтылмақ.

Естеріңізге салып өтейік, осыдан бір апта бұрын «Қазақтелеком» АҚ Интернетке қосылу жылдамдығын 2014 жылға дейін қалалық абоненттер үшін 20 Мбит/с, ауылдық жердегі абоненттер үшін 10 Мбит/с ұлғайтатындарын хабарлаған болатын. FTTH жобасын дамыту бойынша жоспарланған іс-шараларды жүзеге асыру жұмыстарының нәтижесінде 2015 жылдан бастап қалалық және облыс орталығындағы абоненттердің интернетке қосылу жылдамдығы 100 Мбит/сқа ( 2014 жылдың соңында 120 555 порт) жететін болады. "Кар-Тел" ЖШС-нің мәлімдеуінше, FTTB технологиясының арқасында жылдамдығы сыртқы ресурстар үшін 20 Мбит/с, ішкі ресурстар үшін 100 Мбит/спен қамтамасыз ететін «Интернет үйде» деп аталатын қызметті еліміздің 7 қаласында (Алматы, Астана, Қарағанды, Жезқазған, Петропавл, Тараз, Шымкент) іске қосқан.

Ағымдағы жылдың сәуір айында «Digital TV» компаниясы WiMAX сымсыз интернет абоненттері үшін желіге қосылу жылдамдығын 25%-ға, кабельдік интернетті 50%-ға арттырған, бірақ бағасын өсірмеген.

Соңғы жаңалықтар