Байланыс операторы 5 жылдық мерейтойын атап өтті

АЛМАТЫ. Сәуірдің 30-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Биыл оптоталшықты технологияның арқасында жоғары жылдамдықты интернетті Астана, Қарағанды және Жезқазған қалаларының тұрғындары да пайдалана алатын болады.
None
None

Бұл бүгін Алматыда «КаР-Тел» ЖШС Қазақстандағы Beeline брендінің 5 жылдық мерейтойында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Бес жыл ішінде абоненттік база 6 есеге ұлғайып, 6 миллион адамнан асты. Beeline әрқашанда жаңалықтың алғашқы жаршысы бола білді және де солай болып қала береді. Біз алғашқы болып балансты ұлттық валюта - теңгемен Қазақстанның кез келген аумағында барлық сөйлесулер үшін бірінші секундтан бастап секундтық тарификацияны енгіздік. Алғашқы боп 3G сынақ аймағын іске қостық және бұрынғы кеңестік елдер аймағында төртінші буын байланысының сынақ аймағын жасадық», дейді «КаР-Тел» ЖШС аймақтық даму дирекциясының директоры Евгений Пепеляев. Оның айтуынша, компанияның даму баспалдақтарында маңызды мәселелердің бірі - 2008 жылғы «СА-Телком» ЖШС-мен (Golden Telecom бренді) бірігуі болып отыр. Соның арқасында Beeline телекоммуникация қызметінің барлық түрлерін көрсететін сан қырлы байланыс операторы болып отыр. Қазіргі таңда Beeline - бұл икемді және фиксациялық телефония, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер беру, сымды және сымсыз интернетке қол жетімділік және оптоталшықты технология. Бүгінде «Үйдегі интернет» қызметі Алматы қаласының тұрғындарына интернет жылдамдығын секундына 10 Мбитке дейін жоғарылатады.

Соңғы жаңалықтар