Байланыс операторы Алматы облысының зардап шеккен тұрғындарына арналған қайырымдылық SMS акциясының қортындысын жариялады

АЛМАТЫ. Сәуірдің 26-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда «Beeline» су тасқынынан зардап шеккен Алматы облысының тұрғындарына арналған қайырымдылық SMS акциясының қорытындысын жариялады,

Байланыс операторы Алматы облысының зардап шеккен тұрғындарына арналған қайырымдылық SMS акциясының қортындысын жариялады

деп хабарлайды ҚазАқпарат «КаР-Тел» ЖШС-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Наурыздың 19-ы мен сәуірдің 19-ы аралығында өткен бұл акцияға Beeline абоненттері 10 мыңнан астам SMS хабарламасын жіберген. Соның арқасында Алматы облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, табиғи апаттардың алдын алу және ескертуді ұйымдастыру жөніндегі басқармасының есеп шотына 1 миллион 81мың теңге қаражат аударылды. Төлемнің бағыты: «Алматы облысы, Қызылағаш ауылының зардап шеккен тұрғындарына қайырымдылық көмек».

«Beeline акцияға қатысқан өзінің барлық абоненттеріне алғысын білдіреді. Бүгінде озық мобильді технологияның арқасында қайырымдылық көмек жасау жұмыстарын әлдеқайда жеңілдетті. Бұл жүрегінде жылуы бар және басқаның қайғысына ортақтасып, көмекке зәру жандарға қол ұшын беретін барлық азаматқа мүмкіндік береді. Біздің компания зардап шеккен тұрғындардың әлемнің кез-келген мемлекетінде тұратын туыстарымен байланысуға тегін мүмкіндік берумен шектелмей, ұжым қызметкерлері киімдер жиынтығын, аяқ киім, азық-түлік жинап берді. Сондай-ақ қазақстандық әрбір азаматтың су тасқынан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарына өз көмектерін қосуы үшін 911 қысқа нөмірін ашып берді», дейді «КаР-Тел» ЖШС-нің қоғаммен байланыс қызметінің жетекшісі Павел Родин.