Байланыс және ақпарат министрі елордадағы ХҚКО-ларда болды
АСТАНА. 12 мамыр. ҚазАқпарат /Гүлнар Жандағұлова/ - Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев бүгін ХҚКО алдын-ала ешкімге хабар бермей аралап шықты.
«Астанадағы ХҚКО-ны аралап шықтым. Есіл және Сарыарқа аудандық ХҚКО-да адам аз», - деп жазған А.Жұмағалиев твиттердегі жеке парақшасында.
«Алматы аудандық ХҚКО-да адам көп. Көпшілігі орталық жұмысына риза емес. Жағдайды реттеп, қызметтік тексеру жүргізуді тапсырдым», - деген министр.