Байланыс және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің автоматтандырылған қызметтері іске қосылды

АСТАНА. 9 қаңтар. ҚазАқпарат - «Байланыс және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің автоматтандырылған қызметтері іске қосылды», - деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
None
None

Жаңа электрондық қызметтер онлайн режимінде мұрағаттық анықтамаларды алуға және құжаттарға  апостиль қоюға мүмкіндік береді. Байланыс және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің қызметтері порталда тіркелген және электрондық цифрлық қолтаңбасы бар жеке және заңды тұлғаларға  қолжетімді. Баспасөз ақпарат құралын тіркеуді білдіретін «БАҚ есепке қою» қызметін алу үшін өтініш беруші бекітілген үлгідегі өтінішті толтырып, қажетті құжаттарды қоса тіркейді. Бұдан соң электрондық қолтаңбасымен куәландырып, Салық кодексіне сәйкес, мемлекеттік алымды онлайн режимінде төлейді. Өтініш тіркелген күннен бастап 15 жұмыс күні аралығында өтініште көрсетілген электрондық мекен-жайға бұқаралық ақпарат құралының есепке қойылғаны туралы куәліктің сканерленген нұсқасы жіберіледі. Егер азаматтың өтініші орындалмаған жағдайда, оның жеке кабинетіне нақты себебі көрсетілген хабарлама жіберіледі. Қалған қызметтерді алу үшін де  («Мұрағаттық  анықтамаларды беру», «Қазақстанның мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын және шетелге жіберілетін мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттарға  апостиль қою») қолданушы жоғарыда  айтылған әрекеттерді орындауы қажет.

Соңғы жаңалықтар