Байланыс және ақпарат министрлігі мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың баспасөз қызметтері қалай жұмыс істейтінін анықтау мақсатында зерттеу жүргізеді
АСТАНА. Маусымның 10-ы. ҚазАқпарат /Гүлнәр Жандагұлова/ - ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың баспасөз қызметтерінің жұмысын жетілдіру тақырыбына зерттеу жүргізеді, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Министрлік http://www.virtualexs.ru/cgi-bin/exsurveys/survey.cgi?ac=3542 сайтында орналастырылған осы мекен-жай бойынша сауалнамаға белсене қатысуды сұрайды.
Ұсынылған мәліметтер жарияланбайды және коммерциялық мақсаттарға пайдаланылмайды.
Бұдан басқа, осы сауалдама қорытындылары бойынша Журналистер күні қарсаңында мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың таңдаулы баспасөз хатшылары марапатталатын болады.