BAYTAQ жасылдар партиясы сайлауға 24 кандидат ұсынды
Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі - партия мүшелерінің алдағы депутат сайлауына қатысуы болды.
Партиядан тізім бойынша 20 кандидат ұсынылды, оның ішінде әйелдер квотасы бойынша 4 кандидат, жастар квотасы бойынша – 1 кандидат және мүгедектер квотасы бойынша – 1 кандидат бар.
Партия кандидаттарының толық тізімі:
1. Арман Қашқынбеков
2. Айнұр Сәбитова
3. Қайрат Айтбай
4. Самат Жанат
5. Владимир Мартель
6. Сейдулла Исмаилов
7. Айжан Сқақова
8. Бекжан Нәлібай
9. Нұртуған Тұржанов
10. Болат Нұрғожаев
11. Айтуар Туғанбеков
12. Ержан Елекеев
13. Нұрлан Көптілеуов
14. Роман Ботабеков
15. Лариса Жақсылықова
16. Күлән Байзақова
17. Мұрат Жәкиев
18. Қазбек Майгелдинов
19. Марал Көшенов
20. Сапар Әбдірахметов
Тағы 4 кандидат мажоритарлық жүйе бойынша сайлауға қатысады, олар – партия төрағасы Азаматхан Әміртаев, Бақыт Исаев, Гүлзағира Әбдірайымова және Серікболат Мәженов.
Айта кетейік, биыл 19 наурызда елімізде Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді және осы күні мәслихат депутаттарын да сайлау жоспарланған.
Мәжіліс пен мәслихат сайлауына қатысуға 7 партияға рұқсат берілді.