Бәйтерек DEVELOPMENT тұрғын үй құрылысында қаржы операторына көшеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдан бастап «Бәйтерек DEVELOPMENT» АҚ тұрғын үй құрылысы саласындағы қаржы операторына көшеді.
None
None

Бүгін Үкімет отырысында Тұрғын үй құрылысының бірыңғай бағдарламасы тұжырымдамасын талқылау барысында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Ерболат Досаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бәйтерек» холдингі «Нұрлы жер» бағдарламасының айтылған бағыттары шеңберінде оның 4 бағытына белсенді қатысады. Қолжетімді ипотекалық қарыздарды беру жолымен халықтың сұранысын ынталандыру бағыты бойынша  түпкілікті қарыз алушы үшін сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тетігі арқылы  қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге екінші деңгейдегі банктерді тарту жоспарланған. Бұл бағытта екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық міндеттемелерін сатып алу үшін 2001 жылы құрылған Қазақстан  Ипотекалық Компаниясы оператор болады. Қазақстан Ипотекалық Компанияның сыйақысы ипотекалық қоржын көлемінің 1,3 пайызын құрайды. Аталған шара субсидиялау тетігіне қатысушы банктер санының өсуін ынталандыруға жағдай жасайды», - деді Досаев.

Оның сөзіне қарағанда, бұдан басқа, 2017 жылдан бастап Қазақстан Ипотекалық Компаниясы жалға берілетін тұрғын үйден түсетін төлемдерді екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық қоржыны бойынша талап ету құқықтарын сатып алуға жыл сайын бағыттамақ.  Нәтижесінде 15 жыл ішінде 112 млрд. теңге үй құрылысы мен ипотекалық қарыздарды сатып алу жоспарланған. Осы қаражат жаңа ипотеканы беру үшін екінші деңгейдегі банктерге екінші рет инвестицияланатын болады.

«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында Бәйтерек DEVELOPMENT 2018 жылға дейін тұрғын үй құрылысын қаржыландыруды жалғастыратын болады.  Жобаларды іріктеу мен құрылыс салушыларды айқындау бойынша барлық функциялар жергілікті атқарушы органдарға беріледі. Бұдан басқа 2017 жылы Бәйтерек DEVELOPMENT кредиттік рейтингке ие болып және өзінің кепілдік беруімен халықаралық қаржы ұйымдарының қаражатын тартатын болады. Осылайша, 2018 жылдан бастап Бәйтерек DEVELOPMENT тұрғын үй құрылысы саласындағы қаржы операторына трансформацияланады», - деді Е. Досаев. 

Соңғы жаңалықтар