«Бәйтерек девелопмент» жалға берілетін 240 мың шаршы метр баспана салды

Компанияның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, құрылыс қарқыны Оңтүстік Қазақстан және Атырау облыстарында сақталған. Биылғы жарты жылда Шымкент пен Атырау қалаларында пайдалануға 40,5 мың. шаршы метр тұрғын үй немесе сәйкесінше, 672 және 677 пәтер берілді.
Құрылыс көлемінің біршама артуы Маңғыстау облысында белгіленді. Ақтаудың тұрғын үй қоры жарты жылда 34.2 мың шаршы метр немесе 540 пәтерге өсті. Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында жыл басынан 30,2 мың шаршы метр (504 пәтер), Павлодар облысында 28,2 мың шаршы метр (504 пәтер) тұрғын үй пайдалануға берілді.
«Биыл мемлекеттік бағдарлама бойынша салынып жатқан тұрғын үйлер құрылысының қарқыны 2016 жылмен салыстырғанда екі есе өсті. Былтырғы жылдың алғашқы алты айында 128,8 мың шаршы метр баспана қолданысқа берілсе, 2017 жылдың дәл осындай мерзімінде - 240,2 мың шаршы метрді құрады», - деп хабарлады «Бәйтерек девелопмент» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Төлеубек Ілиясов.
Мәлім етілгендей, ағымдағы жылдың екінші жартысында 150 мың шаршы метр аумақтағы 12 тұрғын үй құрылысын аяқтау жоспарлануда.
Айта кетейік, негізгі инвестор болып табылатын «Бәйтерек девелопмент» АҚ-ның пәтерлері «Қазақстан құрылыс жинақ банкі» АҚ салымшыларына жалға беру арқылы әкімшілікте кезекте тұрғандарға беріледі.