«Бәйтерек» халықаралық медиа-орталығында өткен баспасөз мәслихаты танымал скрипкашы М. Бисенғалиевтың шығармашылық кешіне арналды

АСТАНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін «Бәйтерек» халықаралық медиа-орталығында танымал қазақстандық скрипкашы Марат Бисенғалиевтың мерейтойлық шығармашылық кешіне арналған баспасөз мәслихаты өтті.
None
None

 Оған Марат Бисенгалиев, Астана қаласы филармониясы симфониялық оркестрінің дирижері  Абзал Мухитдинов қатысты.

Айта кетсек, Марат  Бисенгалиевтың 50-жылдық мерейтойына арналған концерт 7 желтоқсанда сағат 19.00-де «Қазақстан» ОКЗ-ында өтеді.

Шығармашылық кеш бағдарламасы шетелде Қазақстан имиджін қалыптастыруға бар күш-жігерін жұмсап жүрген  Марат Бисенғалиевтың орындаған әндерінен тұрады. Олардың қатарына Еуропа мен Американың үздік залдарының сахнасында шырқалған классикалық туындылар жетерлік. 

Кеште жеке пъесалармен қоса Карл Дженкинстің «Шәкәрім» мен «Тлеп» (Элегия,  Загипа, Бий), «Концерт для скрипки с оркестром» және Алмас Серкебаевтың «Маратқа арналған күй» музыкалық шығармаларының жеке бөліктері де шырқалады.

Скрипкашының алдағы жоспары - Еуропадағы концерттік турнеге келісімшартқа және «Дойче Граммофонда» жазба жұмыстарын жүргізуге қол жеткізген, өзі қайта құрған Алматы симфониялық оркестрінің тұсауын кесу.

Соңғы жаңалықтар