«Бәйтерек» холдингі 7 мың отбасын жалдамалы баспанамен қамтыды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Бәйтерек» холдингі жалдамалы тұрғын үй құрылысы бойынша жоспарды асыра орындап, межеленген 7 мың пәтердің орнына 7062 баспананы жалға берді, деп хабарлады www.24.kz.
None
None

Қоныс тойын кімдер тойлады? Бүрлібаевтар отбасы Жаңа жылда жаңа үйде қоныс тойын тойлауға қамданып жатыр. Мемлекеттік қызметте жүрген ерлі-зайыпты 5 жылдан бері кезекте тұрған. Сенімдері ақталды. «Жалдамалы тұрғын үй» бағдарламасы аясында 3 бөлмелі пәтер бұйырды.

- ҚИК шарты бойынша алғашқы жарнасыз алып отырмыз, жас отбасылар үшін үлкен көмек деп санаймын. Алғысымыз шексіз, өте қуанып отырмыз бес жыл бойы күттік, - дейді мемлекеттік қызметкер Салтанат Бүрлібай.

Биылғы жоспар бойынша «Бәйтерек» холдингі 7 мың жалдамалы пәтерді пайдалануға беруі тиісті. Міндет 6,6%-ға асыра орындалды. Яғни 62 пәтер артық салынды. Құрылыс қарқыны жөнінен оңтүстік өңір көш бастап тұр. Бір ғана Алматы қаласында осы жылы 1885 отбасы қоныс тойын тойлады. Жоспар асыра орындалса да, кезекте тұрғандар саны бәрібір азаяр емес. Қазірдің өзінде елімізде 355 мың адам тұрғын үй кезегінде тұр.

- 2016 жылы біз 411 мың шаршы метр үйді пайдалануға беруіміз қажет. Қазіргі 240 мың шаршы метрдің құрлысы бойынша келісім жасалды. Бұл шамамен 4500 пәтер, - дейді «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ департамент басшысының міндетін атқарушы Олжас Салықов.

Ал 2020 жылға қарай холдинг 1,5 миллион шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беруді көздеп отыр. Жалдамалы пәтердің бір шаршы метрі Астана мен Алматы қалаларында шамамен 1120 теңге, ал өңірлерде 923 теңге төңірегінде. Холдинг өкілдері нарықтағы күрделі кезең пәтер құнына және құрылысқа әсер етпейді деп сендіруде.

Соңғы жаңалықтар